АҚШ-та жеке ұшақ апатынан 9 адам қаза тапты — Kazface.kz
Әлем жаңалықтары

АҚШ-та жеке ұшақ апатынан 9 адам қаза тапты

АҚШ-та жеке ұшақ апатынан 9 адам қаза тапты

Жұлдыз ОРАЗХАН

1 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында Learjet 60 жеке ұшағы тұрғын үйлер маңына құлап, борттағы 9 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды KazFace.kz.

АҚШ Федералдық авиация басқармасының (FAA) мәліметінше, ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан Багам аралдарына бағыт алған.

Апат алдында экипаж диспетчерлерге ұшақтың мұздануы мен турбуленттілік туралы хабарлап, кейін шұғыл көмек сұраған. Радиобайланыста «Біз жерге құлаймыз. Уақытымыз қалмады» деген сөздер естілген.

Ұшақ жерге соғылғаннан кейін өрт тұтанған. Оқиға орнынан шамамен 600 тұрғын эвакуацияланған.

Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Тергеуді АҚШ-тың Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) жүргізуде.